САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жаңа COVID-19 вирусынан тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.
Жарлыққа сәйкес киім-кешек базарларының жұмыс уақытын сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін санитарлық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып шектеу, сондай-ақ ірі сауда обьектілерінің жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып шектеу көрсетілген.
Осыған орай, халық арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуын алдын алу мақсатында аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ аудан орталығындағы «Алып» және «Даулет» базарларын аралап түсіндіру және бақылау шараларын жүргізді.
Алдағы уақытта өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын алу шараларын күшейту бойынша тексеру жұмысы ұдайы өткізілетін болады. Жалпы, Сарыағаш ауданы бойынша жағдай тұрақты және сақтық шаралары қатаң бақылауда.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі