САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТТЕР ТАРАТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты аудан бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тәртібі бойынша тағайындалған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пәкет үйлестірілді.
Жалпы атаулы әлеуметтік көмек соңғы өзгерістер бойынша әр тоқсан сайын тағайындалып, тиісті көлемде беріліп жатыр. Негізгі өзгерістердің бірі – кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Бұл әлеуметтік топтама тек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі