САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«КЕМЕҢГЕР АБАЙ» АТТЫ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары 10 тамыз Абай күніне арналған «Кемеңгер Абай» атты онлайн концертін өткізді.
Абай күніне орайластырып ұйымдастырылған шарада өнерпаздар ұлы ақын hәм ойшылдың көпшілікке танымал, шоқтығы биік музыкалық шығармаларын орындады. Олардың қатарында Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды әндері мен «Желдірме», «Торжорға» сияқты күйлері бар. Сонымен қатар, концерт барысында көрермендерге «Қара мола ережесі» атты сахналық қойылымы ұсынылды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі