САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЗЕКТІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған кезекті штаб отырысы өтті.
Отырыста Сарыағаш аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы А.Анарбаев аудан көлемінде аурудың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар аудан аумағында індет таралуының алдын алу жұмыстарын ширату, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 мамырдағы №20 қаулысының талаптарының орындалуы бойынша бірқатар мәселелері пысықталды. Әсіресе, жас балалардың қоғамдық орындарға қараусыз шықпауын, және тұрғындардың медициналық петперделермен жүруін қатаң бақылауға алу қажеттігі ескертілді.
Отырысты қорытындылай келе аудан басшысы арнайы құрылған мобильдік топтар мен жергілікті полиция жұмысын күшейтуді тапсырды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі