САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін, 24 қыркүйек күні Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, Сарыағаш аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезекті қырық екінші сессиясы болып өтті. Сессияға Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Садықов, сессия төрағасы Қ.Пердекулов, аудандық мәслихат депутаттары,  аудандық дербес бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 17 мәселе қаралды:
1. Аудан әкімінің, өзіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы туралы.

2. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы
3. Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы
4. Жемісті ауылдық округі әкімінің, өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы.
5. Жылға ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы
6. Тегісшіл ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы
7. Көктерек ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы

8. Сарыағаш ауданының тұрғын үй-комуналдық шаруашылық бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы есептерін қайта қарау туралы.

9. Сарыағаш ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

10. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №32-308-VI «2019-2021 жылдарға арналған ауылдық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

11. Сарыағаш ауданы әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізуіне келісім беру туралы.

12. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №33-326-VI «Аудан әкімдігінің жанындағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын қайта бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

13. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы №10-17-VI «Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының құрылымына өзгерістер енгізіп, қайта бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

14. «Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру қағидасы мен оның сипаттамасын бекіту туралы.

15. Сарыағаш аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

16. Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

17. Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.  

Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға тиісті жауаптарын берді. Сарыағаш  аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессия төрағасы болып – аудандық мәслихат депутаты М.Қалменов сайланды.

(с) Сарыағаш  ауданы әкімінің баспасөз қызметі