САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕДЕН БЕКЕТТЕРІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

7 тамыз күні Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Абдуалиевтің төрағалығымен кеден бекеттері бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, кеден бекеттерінің басшылары шақырылған.

Күн тәртібінде аудан аумағындағы кеден бекеттері маңынан ауыр жүк көліктеріне арналған автотұрақтарды стандарттау және кеден бекеттерінің маңын абаттандыру, көгалдандыру мәселелері қаралды. 

Мәжіліс соңында мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі тиісті сала басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

(с)  Сарыағаш  ауданы әкімінің баспасөз қызметі