САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы қаулы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының       28 бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес берілсін.

          2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3.Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №260 «Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-11-166 тіркелген, 2011 жылғы 18 наурызда «Сарыағаш» газетінде жарияланған) және 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №983 «Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №260 «Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-11-180 тіркелген, 2012 жылғы 20 қаңтарда «Сарыағаш» газетінде жарияланған) қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.

4. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Доспуловқа жүктелсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                                       Қ.Абдуалиев

            «КЕЛІСІЛДІ»

Сарыағаш аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

______________ А.Жұмасай

  00 сәуір 2019 жыл

қосымша

түсіндірме жазба