САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«Инстаграм» әлеуметтік желісінде атаулы әлеуметтік көмек бойынша бейнежазбаның таралуына келесіні хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні Құркелес ауыл округінің тұрғыны халықты жұмыспен қамту орталығына келіп 21000 теңгенің кешігуін сұраған. Орталықтың мамандары өтініш иесіне қазіргі таңда тағайындау жұмыстары жүргізіліп жатқандығы және алдағы уақытта тиісті қаржылар аударылатындығын айтқан. Алайда тұрғын берілген жауапқа қанағаттанбай мекеме қызметкерлерін балағаттай бастаған. Яғни инстаграм әлеуметтік желісіне салған өтініш иесі орталық маманы Ауезова Ақмаралға қысым көрсетіп, негізсіз айыптаған.
Ал бейнероликтегі орталық қызметкері А.Ауезова тұрғын тарапынан балағаттаған сөзге шыдай алмай дауыс көтерген. А.Ауезова жүктілік кезеңіндегі күйзеліс жағдайында болған. Анықтамасы бар.
Мекемеде кешкі уақытта жұмыс орнында болуының себебі: Жұмыс уақыты кезеңінде «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясында (21 000т.) өтініштерінің қабылданғандығы және тағайындалған қаржы көлемін білгісі келген халық көпірі өте көп болуы себепті, орталық басшысының бұйрығы негізінде кешкі мезгілде тағайындау және төлем аудару жұмыстарын жүргізген. Алайда сағат 19:00-ден кейін орталық мамандары шақырды деген сылтаумен адамдар келуін тоқтатпаған

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі