САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР БҰЗЫЛАДЫ

Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиевтың тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш қаласы, Қапланбек кеден бекеті аумағында қызыл сызыққа түскен заңсыз құрылыстар мен жеңіл құрылымды нысандарды реттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2 нысанды бұзу жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта заңсыз салынған нысандарды анықтап, ретке келтіру жұмыстары аудан көлемінде өз жалғасын табатын болады.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі