САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу

Егер сіз жұмыссыз қалған болсаңыз, ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз жөн. Ал біз сізге тіркелудің оңай да онлайн жолын бүгінгі #oqy&toqy айдарында айтып береміз.
📌Egov.kz порталына кіріңіз
📌Іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін табыңыз
📌Қызметті онлайн сұратыңыз
📌Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз
📌Қажетті бөлімді таңдап, мекенжайыңызды растаңыз
📌Екінші қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, біліміңіз және жұмыс өтіліңіз туралы деректерді толтырыңыз
📌Үшінші қадамға өтіп, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз
📌Өтініш статусын жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан бақылап отырыңыз.

📍Егер сізде «Оралман» мәртебесі болса, сіз жұмыссыз ретінде тек құзырлы органға келесі құжаттарды тапсыру арқылы тіркеле аласыз.
📌Өтініш
📌Жеке басыңызды куәландыратын құжат
📌Егер еңбек қызметіңізді растайтын құжат бар болса
📌Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттар бар болса өзіңізбен ала баруды ұмытпаңыз.