САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін аудандық мәдениет үйінде 2019 жылды қорытындылаған салтанатты іс-шара өтті. Жиында аудан әкімі М.Отаршиев мерекелік кешке жиналған барша ағайынды кіріп келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өңірімізде еңбегімен дараланған әр түрлі сала қызметкерлерін марапаттады.
Салтанатты шарада жыл қорытындысымен ауданның гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ветеренария, экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік қызметшілерге «Жыл үздігі-2019» номинациясы және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар шара барысында аудан басшысы М.Отаршиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Садықов және ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов ауданның өркендеуіне сіңірген еңбектері үшін бірқатар азаматтарды ауданның 80 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі