САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биылғы жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қабланбек ауылдық округінде 16 көшеге, яғни 18,8 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүруде.

Бүгінгі таңда мердігер мекеме «DSM SERVICE» ЖШС-і тарапынан ұзындығы 500 метр Т.Айбергенов және ұзындығы 1200 метрді құрайтын Татулық көшелерінің жол жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде.
Ал қалған 14 көшенің жол құрылысы жұмыстары жоспарға сәйкес қыркүйек айында толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Қабланбек ауылдық округі аудан орталығынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта ауылдық округ аумағындағы көшелердің жалпы ұзындығы 102 шақырым болса, оның ішінде 39,2 шақырым қанағаттанарлық жағдайда, ол 46 пайызды құрайды. Алдағы уақытта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 16 көшенің 18,8 шақырымы жөндеуден өткізілгеннен кейін қанағаттанарлық жолдардың үлесі 58 пайызды құрайтын болады.

Айта кетсек, 2020 жылы аудан бойынша жалпы 34 көшенің 55,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі