САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Жемісті ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сарыағаш қаласы                                                    «__»______2019 жыл

         Сарыағаш ауданы әкімінің 04.03.2019 жылғы №25 «Жемісті ауылдық округі әкімі аппараты қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешімі негізінде құрылған жұмысшы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жемісті ауылдық округі әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

         Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2019 жылдың                  1 қаңтарына – 7 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 5,5 бірлікті құрайды. Бос тұрған лауазым жоқ.

Аудан әкімінің 12.02.2018 жылғы №18-қ өкімімен Жемісті ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) Сейтжапбаров Аскарбек Алибековичке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабы 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезеңінде ауылдық округ әкімі А.Сейтжапбаровтың 09.07.2018 жылғы №03 өкімімен Сары Бақытжан Ергешұлы 2018 жылдың 9 шілдесінен бастап келісім шарт негізіндегі автокөлік жүргізушісі қызметінен босатылған. Ауылдық округ әкімі А.Сейтжапбаровтың 10.07.2018 жылғы №04 өкімімен Бегалиев Орынбасар Илесбаевич келісім шарт негізіндегі автокөлік жүргізушісі қызметіне қабылданған. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жіберуге міндетті делінген талабы сақталынған.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің 31.05.2018 жылғы №236 қаулысымен аппаратқа келісім-шарт негізінде 1 штат бірлік статист беріліп, ауылдық округ әкімінің 05.09.2018 жылғы №07 өкімімен Іскендер Азамат Мұратұлы аппараттың келісім-шарт негізіндегі статисті қызметіне жұмысқа қабылданған.                «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жіберуге міндетті делінген талабы сақталынбаған.

         Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 25.09.2018 жылғы №407 қаулысымен Сарыағаш ауданында жүзеге асыру жөнінде 2018-2020 жылдары атқарылуға тиіс аудан әкімдігінің іс-шаралар жоспары (әрі қарай – іс-шара жоспары) бекітілген.

         Іс-шара жоспары негізінен профилактикалық жұмыстардан  (конференция, дөңгелек үстел, семинар кеңес, брифингтер, акция, қоғамдық тыңдау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, мақала жариялау) тұрады.

         Іс-шара жоспарының Аппаратқа қатысты бөлігін орындау үшін ауылдық округ әкімінің 21.11.2018 жылғы №30 шешімімен іс-шаралар жоспары бекітілген.

         Алайда, Аппараттың іс-шаралар жоспарына құзыретіне жатпайтын, жүзеге асыра алмайтын іс-шараларды да қосып жіберген.

          2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша мәліметтер жинақталған.

         Іс-шараға сай Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға жауапты тұлға етіп, лауазымдық нұсқаулығында аппараттың бас маман заңгері Қ.Дөненов  бекітілген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

         2018 жылдың қорытындысы бойынша аппаратқа жалпы 50 арыз тіркелген. Оның 48-і жеке тұлғаның, 2-і заңды тұлғаның арыздары. 22- азамат  ауылдық округі әкімінің жеке қабылдауында болған. Жеке тұлғалардан келіп түскен арыздың 10-ы қанағаттандырылса, 38-не түсіндірме жауаптар берілген.

Ауылдық округі әкімі аппатына келіп түскен арыздарға талдау жүргізу барысында төмендегі кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу туралы» Қағидасының 2-ші тармағында:

«Кез келген келіп түскен өтініш өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді өтінішті есепке алу карточкасында немесе ведомстволық ақпараттық есепке алу нысанында бекіту және тіркеу нөмірін тағайындау арқылы тіркелуі тиіс.

 Өтініштің тіркеу нөмірі автоматты түрде толассыз тәртіпте беріледі.

 Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЖТ» әріптік индексінен, автор тегінің бірінші әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

 Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЗТ» әріптік индексінен, өтінішке қол қойған лауазымды тұлға тегінің алғашқы әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

Жасырын өтініштің тіркеу нөмірі «АНМ» әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

Ұжымдық өтініштің тіркеу нөмірі «ҰҚ» әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады»- деп нақты көрсетілген.

Ал, ауылдық округі әкіміне жазылған Тың елді мекенінің тұрғындары С.Қалназарова, Г.Шегебаева, М.Қалназаровтардың ұжымдық өтініштері  «ҰҚ» деп тіркелместен «ЖТ-К-17» – деп қате тіркелген.

Жемісті елді мекені Б.Момышұлы көшесінің тұрғыны А.Борбековтың 03.07.2018 жылғы кіріс №ЖТ-Б-19 санмен тіркелген тұрғын үй орналасқан жер учаскесін жеке меншік етіп бекіту туралы өтінішіне ауданның жер бөлу комиссиясы 10.08.2018 жылғы №24-69  хаттамасымен бас тарту туралы қаулы қабылдап, ауылдық округі әкіміне ұсынған және Тың елді мекенінің тұрғындары С.Қалназарова, Г.Шегебаева, М.Қалназаровтардың 19.06.2018 жылғы №ЖТ-К-17 санымен тіркелген М.Әуезов көшесіндегі тұрғын үй орналасқан жер учаскесін жеке меншік етіп бекіту туралы өтінішіне, ауданның жер бөлу комиссиясы 24.07.2018 жылғы №22-14 хаттамасымен бас тарту туралы қаулы қабылдап, ауылдық округі әкіміне ұсынған. Алайда, ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабының талаптарын сақтамай бас тарту туралы ауылдық округі әкімінің шешімін рәсімдемеген. Тек қана өтініш иелеріне түсіндірме беру хатын жолдаумен шектелген.

«Азаматша Абдиева Гулбахрам Акбаралиевнаға пайдаланудағы тұрғын үй орналасқан жер учаскесін жеке меншікке бекітіп беру туралы» ауылдық округ әкімінің 15.08.2018 жылғы №19 шешімі жерге орналастыру жобасын ауданның жер қатынастары бөлімінің бекітуінсіз шығарылған.

         «А.Айдаровқа жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы» ауылдық округ әкімінің 20.07.2018 жылғы №08 өкімінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының баптары қате қойылған. Аталған өкімнің негізінде көрсетілген қызметкердің тегі кіші әріппен жазылған.

Жемісті ауылдық округі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің-6 түрін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5 бабы 2 тармағы                          2 тармақшасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті жағдайлар жасалған.  

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсететін қызмет стандарты мен тиісті ақпараттар ғимараттың көрінетін жерінде қолжетімді нысанда орналастырылған.

Ауылдық округі 2018 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыстары туралы есептік ақпаратты қайта қарау барысында дұрыс емес ақпарат ұсынылғаны анықталды.

Яғни, Жемісті ауылдық округі әкімі аппараты Сарыағаш ауданы әкімі аппаратына ұсынған жылдық есебінде «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2018 жылы  қызмет көрсетілмегені туралы ақпарат ұсынған.

Алайда, тексеру барысында 2018 жылы 2 қызмет көрсетілгені анықталды.

Сонымен қатар, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады. Ал, ауылдық округі аппараты 2018 жылы келіп түскен 2 өтінішті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша қабылдаған. Яғни мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес қабылдамаған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңының 7 бабы, 2-тармақшасына сәйкес, «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштері есепке алуға жатпайтыны көрсетілген.

         Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Аппаратқа мынадай ұсынымдар беріледі:

1. Қызметшілерді жұмысқа қабылдау және босату кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;

         2. Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу;

         3. Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жандандыру;

         4. Жеке және заңды тұлғлалардың өтініштерін қарау кезінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;

5. Аппарат қызметшілері арасында жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қосымша құқықтық оқуларды ұйымдастыру;

6. Жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер қатаң басшылыққа алынсын;

7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттарына сәйкес ЖОМ-мен ұсынылатын қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін және тиімділігін қамтамасыз етсін;

8.  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларына сәйкес тоқсан сайын берілетін есепті сапалы, көрсетілетін қызметтердің санын нақты  көрсетсін;

Аудан әкімінің орынбасары,

жұмысшы топ жетекшісі                                         М.Сейтимбетов

Келісілді:

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы                                         Е.Тастемиров

Аудан әкімі аппараты

жалпы және әкімшілік

бөлімшесінің басшысы                                                                  Н.Канатбаев

Аудан әкімі аппараты

ақпараттандыру және мемлекеттік

қызмет көрсету монитрингі

бөлімшесінің басшысы                                                                  Е.Мусаев

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру

бөлімшесінің басшысы                                                                  Ә.Жапбаров

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің

бас маманы                                                                                    Д.Турсункулов

Жемісті ауылдық округінің әкімі                                       А.Сейтжапбаров