САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЖЕМІСТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Жемісті ауылдық округінде есепті кездесуден кейін жергілікті тұрғынды жеке мәселесі бойынша қабылдады.

Қабылдауға кірген тұрғын күміс алқа алу бойынша өтінішін айтты. Көтерілген мәселені мұқият тыңдаған аудан басшысы тиісті мекеме басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, талап-өтініштер тікелей өзінің бақылауында болатынын жеткізді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі