Жеке қабылдау!

7 мамыр күні Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Аманкелдіұлы кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар мүгедек ұлына жәрдем, ауыз су, табиғи газ, жол және көпір салу, тұрып жатқан жерлерінің және үйдің құжаттарын заңдастыру бойынша өтініштерін айтты. Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына азаматтардың өзекті сұрақтарын шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі