САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ!

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев  кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар  тұрғын үй, жол салу, жер мәселесі, ауыз су және табиғи газ мәселесі , мектеп құрылысы және электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштерін айтты. Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің оң шешімін табу үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың өзекті мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі