САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ!

4 қыркүйек күні Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Баймаханбетұлы  кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар жол жөндеу жұмыстары, жер мәселелері, битум зауытының жұмысы бойынша өтініштерін айтты. Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің оң шешімін табу үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын  түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың өзекті сұрақтарын шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі