САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

29  шілде күні  Сарыағаш  ауданының   әкімі Қ.Абдуалиев  кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар  коммуналдық үй мәселесі,   ауыз су, табиғи газ, жол және көршісі     артық жерді пайдаланып жатқандығына  шара қолдану және жолды анықтап, асфальт салу туралы өтініштерін  айтты.  Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына азаматтардың өзекті сұрақтарын шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

(с)  Аудан әкімінің баспасөз қызметі