САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЖАҢАТҰРМЫС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Жаңатұрмыс елді мекенінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елді мекенінде жалпы 4 арнайы техника, 30 қызметкер жұмылдырылып, елді мекен көшелеріндегі тасқыннан жиналған күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар ретке келтірілуде.
Айта кетерлігі аталған тазалық жұмыстарына Жаңатұрмыс елді мекенінің тұрғындары да белсене атсалысуда.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі