САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Жаңалықтардан түрлі экономистердің пікірінше, пандемия салдарынан бүкіл әлемде қаржылық тоқырау орын алады деп оқыған едім. Мен өз жинағым үшін алаңдап жүрмін. Қартайған шағымда қалтамда азын-аулақ тиын-тебенмен ғана қалғым келмейді. Айтыңыздаршы, салымдардың сақталуына біреу кепілдік бере ала ма?

Уайымдауға еш негіз жоқ, себебі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) зейнетақы жасына жеткен кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан зейнетке шығу кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел болып табылады. Мемлекеттік кепілдікті төлеу (инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлемді білдіреді. Салымшылар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алу құқығын зейнеткерлік жасқа толған кезде алады. Сонымен қатар  бұл құқыққа егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топтағы мүгедектер, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері  ие.