САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін 10 қыркүйек күні Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында  нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы аясында «Жас кәсіпкер» жобасының 107 қатысушысына  аудан  әкімі Мұхит Баймұханбетұлы Отаршиев жастарға сәттілік тілеп, арнайы сертификаттарды табыстады.  Өздеріңізге белгілі елімізде 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты жұмысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алып, табысты іске асырып келеді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі