САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Жарты төбе ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сарыағаш қаласы                                                    «__»______2019 жыл

         Сарыағаш ауданы әкімінің 28.05.2019 жылғы №54 «Жарты төбе ауылдық округі әкімі аппараты қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешімі негізінде құрылған жұмысшы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жарты төбе ауылдық округі әкімі аппаратының             (бұдан әрі – Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

         Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2019 жылдың                  30 мамырына – 14 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 9 бірлікті құрайды. Бос тұрған лауазым жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезеңінде Жарты төбе ауылдық округінің әкімінің (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі)  01.06.2018 жылғы №12 өкімімен Хасанов Ибраим Есенбаевич 2018 жылдың 01 маусымынан бастап аппараттың жеке еңбек шарты негізіндегі көлік жүргізушісі қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 25.06.2018 жылғы №13 өкімімен Сейтқұлов Жасұлан Садықжанұлы 2018 жылдың 25 маусымынан бастап аппараттың келісім шарт негізіндегі статисті қызметінен босатылған. Ал, босаған бос жұмыс орнына ауылдық округ әкімінің 01.08.2018 жылғы №1266 санды сұраныс хатына сәйкес ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашованың            02.08.2018 жылғы №4152 жолдамасы негізінде ауылдық округ әкімінің 02.08.2018 жылғы №14 өкімімен Төлебек Ибарһим Сапашұлы 2018 жылдың             02 тамызынан бастап аппараттың жеке еңбек шарты негізіндегі статисті қызметіне қабылданған. Алайда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынбаған. Бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап емес, бос жұмыс орны пайда болғаннан кейін, 37 күнге кешіктіріп  жұмыспен қамту орталығына жіберілген.

Ауылдық округ әкімінің 03.09.2018 жылғы №15 өкімімен Еримбетов Азимхан Рахманбердиевич 2018 жылдың 03 қыркүйегінен бастап аппараттың келісім шарт негізіндегі статисті қызметінен босатылған. Ал, босаған бос жұмыс орнына ауылдық округ әкімінің 20.11.2018 жылғы №1961 санды сұраныс хатына сәйкес ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашованың            22.11.2018 жылғы №5942 жолдамасы негізінде ауылдық округ әкімінің 23.11.2018 жылғы №18 өкімімен Орынтай Жандос Амантайұлы 2018 жылдың             23 қарашасынан бастап аппараттың жеке еңбек шарты негізіндегі статисті қызметіне қабылданған. Алайда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынбаған. Бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап емес, бос жұмыс орны пайда болғаннан кейін, 44 күнге кешіктіріп  жұмыспен қамту орталығына жіберілген.

         Ауылдық округ әкімінің 07.09.2018 жылғы №17 өкімімен Жумакулов Сапархан Нурланович 2018 жылдың 07 қыркүйегінен бастап аппараттың келісім шарт негізіндегі статисті қызметінен босатылған. Ал, босаған бос жұмыс орнына ауылдық округ әкімінің 20.11.2018 жылғы №1961 санды сұраныс хатына сәйкес ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашованың            04.12.2018 жылғы №5999 жолдамасы негізінде ауылдық округ әкімінің 04.12.2018 жылғы №19 өкімімен Садырбаева Жазира Сейлбекқызы 2018 жылдың             04 желтоқсанынан бастап аппараттың жеке еңбек шарты негізіндегі статисті қызметіне қабылданған. Алайда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынбаған. Бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап емес, бос жұмыс орны пайда болғаннан кейін, 40 күнге кешіктіріп  жұмыспен қамту орталығына жіберілген.

         Ауылдық округ әкімінің 04.01.2019 жылғы №1 өкімімен Раимжанов Фазредин Норматович 2019 жылдың 04 қаңтарынан бастап аппараттың келісім шарт негізіндегі көлік жүргізушісі болып жұмысқа қабылданған.

Ауылдық округ әкімінің 04.01.2019 жылғы №2 өкімімен Жумакулов Сапархан Нурланұлы 2019 жылдың 04 қаңтарынан бастап аппараттың келісім шарт негізіндегі техник-программист болып жұмысқа қабылданған.

Ауылдық округ әкімінің 09.01.2019 жылғы №3 өкімімен Ермеков Мухмеджан Асқарұлы 2019 жылдың 09 қаңтарынан бастап аппараттың жетекші маман салық инспекторы лауазымынан босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 14.01.2019 жылғы №4 өкімімен Тоқтаев Серғали Сапарғалиұлы 2019 жылдың 14 қаңтарынан бастап аппараттың келісім шарт негізіндегі қызметінен босатылған. Босаған бос жұмыс орнына ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашованың 16.01.2019 жылғы №100 жолдамасы негізінде ауылдық округ әкімінің 16.01.2019 жылғы №5 өкімімен Ермеков Мухмеджан Асқарұлы 2019 жылдың 16 қаңтарынан бастап аппараттың жеке еңбек шарты негізіндегі статисті қызметіне қабылданған. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                    28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынған.

Ауылдық округ әкімінің 04.03.2019 жылғы №19 өкімімен Әбдіраймова Ардақ Үсенқызы 2019 жылдың 04 наурызынан бастап аппараттың жетекші маман салық инспекторының міндеттерін уақытша атқару үшін жұмысқа қабылданған.

Жоғарыда орын алған заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуына кадр саласына жауапты лауазымды тұлғаның салғырттығынан және заң талаптарын білмеуінің салдарынан орын алған.

Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 25.09.2018 жылғы №407 қаулысымен Сарыағаш ауданында жүзеге асыру жөнінде 2018-2020 жылдары атқарылуға тиіс аудан әкімдігінің іс-шаралар жоспары (әрі қарай – іс-шара жоспары) бекітілген.

         Іс-шара жоспары негізінен профилактикалық жұмыстардан  (конференция, дөңгелек үстел, семинар кеңес, брифингтер, акция, қоғамдық тыңдау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, мақала жариялау) тұрады.

         Іс-шара жоспарының Аппаратқа қатысты бөлігін орындау үшін іс-шаралар жоспары ауылдық округ әкімінің шешімімен бекітілмеген.

          2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2018 жылға мәліметтер жинақталмаған. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттар түгел емес. Бекітілген іс-шаралардың қағаз жүзінде ғана жүріп, формальды сипат алып кеткендігін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына ауылдық округ әкімінің мақаласы жарияланған. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөніндегі мәліметтер толық емес және сапасыз орындалған.

         Іс-шараға сай Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға жауапты тұлға бекітілмеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған. 2019 жылдың 1 тоқсанына бірде-бір  жиналыс, лекция, дәріс, семинар, дөңгелек үстел, іс-шара өткізілмеген.

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының           2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген ереженің                   Өтініштерді қабылдау және есепке алу тәртібі туралы 2-ші тармағында          кез-келген келіп түскен өтініш өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді өтінішті есепке алу карточкасында немесе ведомстволық ақпараттық есепке алу нысанында бекіту және тіркеу нөмірін тағайындау арқылы тіркелуі тиіс.

       Өтініштің тіркеу нөмірі автоматты түрде толассыз тәртіпте беріледі.
       Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЖТ» әріптік индексінен, автор тегінің бірінші әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

       Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЗТ» әріптік индексінен, өтінішке қол қойған лауазымды тұлға тегінің алғашқы әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

       Жасырын өтініштің тіркеу нөмірі «АНМ» әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

Ұжымдық өтініштің тіркеу нөмірі «ҰҚ» әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады деп көрсетілген. Алайда ауылдық округі әкімі аппаратында тіркелген ұжымдық арыздардың барлығы «ҰА» деп қате тіркелуде. 

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының   17-бабында азаматтың өтiнiшiн қарау нәтижелерi туралы шешiмге шағым жасау:

      1. Өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге өтініш берушi жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым жасауы мүмкін.

      2. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі осы Заңда белгіленетіндігі атап көрсетілген.

Алайда, ауылдық округі әкімі аппаратында  тіркелген 05.11.2018 ж №ҰА-Е160, 24.09.2019 ж №ЖТ-И-142, 05.11.2018 ж №ҰА-Е-161, 14.09.2018 ж №ЖТ-К-135 арыздарында арызданушыларға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқықтары түсіндірлмеген.

Мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi туралы 12-баптың 4- тарамағында Құжаттарға мемлекеттiк органның атынан оның басшысы, оны ауыстыратын адам (осы органда белгiленген қызметтiк мiндеттердi бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкiлеттi лауазымды адамы қол қояды деп көрсетілгеніне қарамастан. №ЖТ-Х-110,ЖТ-Р-109, ЖТ-Ш-108, ЖТ-К-107, ЖТ-К-106, ЖТ-Т-105, ЖТ-Р-104, ЖТ-С-103, ЖТ-У-100, ЖТ-Е-99, ЖТ-Ж-98, ЖТ-К-97, ЖТ-К-96, ЖТ-И-95, ЖТ-Т-94, ЖТ-Д-177, ЖТ-Д-176, ЖТ-А-175, ЖТ-Б-174, ЖТ-Е-173, ЖТ-С-172, ЖТ-Б-171, ЖТ-Х-170, ЖТ-К-169, ЖТ-К-153, ЖТ-Н-168, ЖТ-Р-167, ЖТ-К-166 арыздардың жауаптарына ауылдық округі әкімі қол қоймаса да жауаптарына тіркеу номері мен күні, айы жылы қойылып берілген. 

         Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының  9-бабында  жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау  бойынша субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде: бірінші кезекте жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Ал, ауылдық округі әкімі аппаратында тіркелген 13.08.2018 ж №ҰА-Д-112, 05.11.2018 ж №ҰА-Е-160, 28.09.2018 ж №ЖТ-Ө-148, №ЖТ-Х-110,ЖТ-Р-109, ЖТ-Ш-108, ЖТ-К-107, ЖТ-К-106, ЖТ-Т-105, ЖТ-Р-104, ЖТ-С-103, ЖТ-У-100, ЖТ-Е-99, ЖТ-Ж-98, ЖТ-К-97, ЖТ-К-96, ЖТ-И-95, ЖТ-Т-94, ЖТ-Д-177, ЖТ-Д-176, ЖТ-А-175, ЖТ-Б-174, ЖТ-Е-173, ЖТ-С-172, ЖТ-Б-171, ЖТ-Х-170, ЖТ-К-169, ЖТ-К-153, ЖТ-Н-168, ЖТ-Р-167, ЖТ-К-166  арыздарда тиісті мекемелерден жауап берілген жағдайда қосымша хабарланатындығы туралы жауап беріліп,  бүгінгі күнге дейін нақты жауаптары толық берілмеген.

Сонымен қатар 18.08.2018 жылы ЖТ-К-134 және 02.10.2018 жылғы №149 арыздарға бүгінгі күнге дейін мүлдем жауап берілмеген.

Жартытөбе ауылдық округ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің-6 түрін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5 бабы 2 тармағы                          2 тармақшасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті жағдайлар жасалған.  

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсететін қызмет стандарты мен тиісті ақпараттар ғимараттың көрінетін жерінде қолжетімді нысанда орналастырылған.

Ауылдық округі 2019 жылғы 1-тоқсан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыстары туралы есептік ақпаратты қайта қарау барысында дұрыс емес ақпарат ұсынылғаны анықталды.

Яғни, Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппараты Сарыағаш ауданы әкімі аппаратына ұсынған 2019 жылдың 1-тоқсандық есебінде «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініш келмегені туралы ақпарат ұсынған.

Алайда, ішінара тексеру барысында 4 қызмет көрсетілгені анықталды. Сонымен қатар, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады. Ал, ауылдық округі аппараты 2019 жылы келіп түскен 4 өтінішті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша қабылдаған. Яғни мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес қабылдамаған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңының  7 бабы, 2-тармақшасына сәйкес, «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштері есепке алуға жатпайтыны көрсетілген.

         Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Аппаратқа мынадай ұсынымдар беріледі:

  1. Қызметшілерді жұмысқа қабылдау және босату кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтауды;
  2. Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алуды;
  3. Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жандандыруды;
  4. Жеке және заңды тұлғлалардың өтініштерін қарау кезінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтауды;
  5. Аппарат қызметшілері арасында жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қосымша құқықтық оқуларды ұйымдастыруды;
  6. Жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер қатаң басшылыққа алуды;
  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттарына сәйкес ЖОМ-мен ұсынылатын қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін және тиімділігін қамтамасыз етуді;
  8. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларына сәйкес тоқсан сайын берілетін есепті, мәліметтерді сапалы ұсынылуын қамтамасыз етуді;
  9. Кадр саласына, арыз-шағымдардың дұрыс тіркелуіне, орындалуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына, функционалдық міндетіне мемлекеттік қызметтер көрсету кіретін жауапты тұлғалардың және жоғарыда аталған салаларға жетекшілік ететін ауылдық округ әкімі орынбасарларының тәртіптік жауапкершіліктерін қарауды;
  10. Анықтамада берілген ұсыныстардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді аудан әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде жолдауды тапсырамын.

Аудан әкімі

аппаратының басшысы,

жұмысшы топ жетекшісі                                               М.Досполов

Келісілді:

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы                                         Е.Тастемиров

Аудан әкімі аппараты

жалпы және әкімшілік

бөлімшесінің басшысы                                                                  Н.Канатбаев

Аудан әкімі аппараты

ақпараттандыру және мемлекеттік

қызмет көрсету монитрингі

бөлімшесінің басшысы                                                                  Е.Мусаев

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру

бөлімшесінің басшысы                                                                  Ә.Жапбаров

Аудан әкімі аппараты

заң бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                     Е.Каипжан

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                    Д.Турсункулов Жарты төбе ауылдық округінің әкімі                                  А.Аширов