САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына және 71-1 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының      31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде, Сарыағаш ауданының әкімдігі    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «КТЗ и КО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастанжер учаскелеріне 31 шілде 2025 жылғы мерзімге дейін жария сервитут белгіленсін.

2. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

         3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.

         4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сарыағаш ауданының әкімі   М. Отаршиев