САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағынасәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1.Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10мамырдағы №172«Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобильжолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4108 тіркелген, 2017 жылғы 02маусымда«Сарыағаш» газетінде және 2017 жылғы 01маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жаряланған)қаулысыныңкүші жойылды деп танылсын.

3. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетовкежүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күнөткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі   М. Отаршиев