САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«ЕЛ ӨНІМІ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ.

Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауыл округінде «Ел өнімі» әлеуметтік жобасын кеңінен насихаттау мақсатында ауыл тұрғындарына семинар- кеңес өткізілді.
«Ел өнімі» жобасының негізгі мәні – жеке қосалқы шаруашылығында өнім турлерін өсіру арқылы ауыл тұрғындарының білімін жетілдіру, жұмыссыздық деңгейді төмендету, қаржылай мүмкіндіктерін және табыстарын асыруға арналған.
Жарты төбе ауыл округінің әкімі А.Ашировтың төрағалығымен өткен семинар барысында, ауданның ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Н.Талипов және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары Н.Садиев және М. Нургалиев жобаның негізгі қатысушылары болып табылатын көп балалы және табысы аз отбасыларға – жобаның мақсаты үй іргелік жерге жүзім, кіші-жылыжайларда жеміс және көкөніс, жеміс бау-бақшаларды жетілдіруге арналғаны туралы маңызды ақпараттар жеткізілді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалып, қойылған сұрақтарға заң аясында толыққанды жауаптар берілді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі