САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс орталығынан бастау алған керуен Сарыағаш ауданына келді. Керуен құрамында Түркістан облысы әкімі аппараты мемлекеттік құқық бөлімінің бас инспекторы Мұстафа Ерлан, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Халық шығармашылығы орталығының» бөлім басшысы Қыдырбаева Айнұр Мамырқызы, Түркістан облысы қоғамдық даму бсқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і директоры м.у.а. Халықов Медет Мұзапбарұлы қатысты. Іс-шараға Сарыағаш аудандық дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімдіктердің басшылары, төбе биі, имамдары, дінге жауапты мамандары, ардагерлер кеңесі, және білім мекемесінің мектеп мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты аудан тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру. Деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу. Мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша аудан тұрғындарын ақпараттандыру болып табылады. Іс-шара еркін форматта өткізілді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі