САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАНУДА

Бүгін аудан әкімдігінің жанынан құрылған арнайы шұғыл әрекет ету штабы бірнеше дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізді.
Арнайы штабтың құрамында аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов, Сарыағаш ауданы прокуратурасының прокуроры Д.Жолдасбеков, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ә.Анарбаев, аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Оразбаев және Түркістан облысы кәсіпкерлік палатасы Сарыағаш аудандық филиалының директоры А.Мусабеков қатысты.
Мониторинг нәтижесінде дәріханалардың бірінде кассалық аппараттың болмауы және дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуі сынды кемшіліктер жалғасып жатқандығы анықталды. Алдағы уақытта бекітілген бағадан негізсіз тыс көтерген жағдайда тиісті хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді.
Бұдан былай шұғыл әрекет ету штабы дәрі-дәрмек құнына тұрақты мониторинг жүргізуді жүйелі түрде жалғастырады.

Құрметті аудан тұрғындары кез келген уақытта дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілгендігін байқаған жағдайда, қауіпсіздік шарала сақталмағанына куә болсаңыздар төмендегі байланыс телефондарына хабарласа аласыздар.
Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы телефоны – 2-14-75, 8702-518-24-75 Анарбаев Әбілқасым.
Аудандық полиция бөлімі телефоны – 2-15-73, 8702-375-32-32 Кожабеков Олжас.
Аудан әкімі аппараты телефоны – 2-10-70, 8775-864-50-30 Есенбаев Нұрдаулет.


(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі