САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ДӘРІХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Аудан әкімдігінің жанынан құрылған арнайы мониторинг топ мүшелері аудан аумағындағы орналасқан дәріханаларда болып, халық сұранысындағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жалғастырды. Дәріханалардың жұмысы бірқалыпты тұрақталып, қазіргі таңда келушілер саны төмендеген. Бұдан былай мониторинг топ дәрі-дәрмек құнына тұрақты мониторинг жүргізуді жүйелі түрде жалғастырады.

Құрметті аудан тұрғындары кез келген уақытта дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілгендігін байқаған жағдайда, қауіпсіздік шаралары сақталмағанына куә болсаңыздар төмендегі байланыс телефондарына хабарласа аласыздар.
Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы телефоны – 2-14-75, 8702-518-24-75 Анарбаев Әбілқасым.
Аудандық полиция бөлімі телефоны – 2-15-73, 8702-375-32-32 Кожабеков Олжас.
Аудан әкімі аппараты телефоны-2-29-97, 87027770190 Қаипжан Ернар

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі