САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ДОПТЫ ҚАҚПАҚЫЛДАУДАН ЖАРЫС

2020 жылы қыркүйек айының 8 жұлдызында Сарыағаш ауданы мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын насихаттау және «Жақыныңа жанашыр бол» атты ұранымен 18 жастан жоғары, 30 жастан жоғары, 40 жастан жоғары және 50 жастан жоғары ересектер арасында допты қақпақылдаудан (жонглирование) аудандық жарыс өтті. Жарыс «COVID-19» Коронавирус кезінде спортшылардың физикалық,психологиялық белсенділігін арттыру, келешекте болатын жарыстарға спортшылардың дайындық мотивациясын көтеру, дене шынықтыру және спортын әрі қарай дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, кеңінен тарату мақсатында ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға бөлім атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.