САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Дербісек ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Сарыағаш қаласы                                                    «__»______2020 жыл

         Сарыағаш ауданы әкімінің 24.02.2020 жылғы №19 «Дербісек ауылдық округі әкімі аппараты қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» шешімі негізінде құрылған жұмысшы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Дербісек ауылдық округі әкімі аппаратының             (бұдан әрі – Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

         Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2020 жылдың                  24 наурызына – 10 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 6 бірлікті құрайды. Бос тұрған лауазым аппараттың әлеуметтік мәселе жөніндегі бас маманы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезеңінде Дербісек ауылдық округінің әкімінің (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі)  01.02.2019 жылғы №01 ж-қ өкімімен Е.Б.Әбенов келісім шарт негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмысқа қабылданған.

Ауылдық округ әкімінің 01.02.2019 жылғы №02 ж-қ өкімімен Ф.Шадыбеков, 01.02.2019 жылғы №03 ж-қ өкімімен Н.Казачкова, 01.02.2019 жылғы №04 ж-қ өкімімен А.Жанзаков, 01.02.2019 жылғы №05 ж-қ өкімімен Г.Наримбетова, 01.02.2019 жылғы №06 ж-қ өкімімен Б.Серикбаева, 01.02.2019 жылғы №07 ж-қ өкімімен Б.Рысмамбетова, 01.02.2019 жылғы №08 ж-қ өкімімен А.Шалбаева, 01.02.2019 жылғы №03 ж-қ өкімімен Р.Анарова, 01.04.2019 жылғы №12 ж-қ өкімімен С.Ақмурзаев, 01.04.2019 жылғы №13 ж-қ өкімімен А.Айтуова, 01.08.2019 жылғы №29 ж-қ өкімімен А.Сулеева, 02.09.2019 жылғы №32 ж-қ өкімімен Н.Омешев келісім шарт негізінде қоғамдық жұмысқа қабылданған.

Алайда, жоғарыда аталған қызметкерлерді келісім шарт негізінде жастар практикасынан өту үшін және қоғамдық жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптары бұзылып, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында еңбек шарттары түзілмеген.

 Ауылдық округ әкімінің 03.12.2019 жылғы №38 ж-қ өкімімен Аширбаев Ахметали Талханбаевич 2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап, аппараттың жеке еңбек шарты негізінде инспектор қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 05.12.2019 жылғы №39 жқ өкімімен Иноятов Бахыт Даниярович 2019 жылдың 05 желтоқсанына бастап, аппараттың жеке еңбек шарты негізінде инспектор қызметіне қабылданған.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті делінген талабы сақталынған.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)                   93 бабының талабына сай жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.

Алайда, 2019 жылы ауылдық округ әкімінің өкімімен аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және жеке еңбек шарты негізінде қызмет атақаратын қызметшілерінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезекшілік кестесі бекітілмеген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 54-бабы 1 тармағының талабына сай жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуына күнтізбелік үш күн қалғаннан кешіктірілмей, ал еңбек демалысы графиктен тыс берілген жағдайда – берілген күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Алайда, аппарат қызметкерлерінің еңбек демалысына ақы төлеу Заң талаптарына сәйкес жүргізілмеген.

Атап айтқанда, ауылдық округ әкімінің 04.03.2019 жылғы №02 өкімімен аппараттың бас маман заңгері Б.Келдібекке жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген. Алайда, еңбек демалысына ақы төлеу 22 күнтізбелік күн өткенде жүргізілген. Ауылдық округ әкімінің 23.09.2019 жылғы №11 өкімімен аппараттың ауылшаруашылығы жөніндегі бас маманы О.Асильбаевқа жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген. Алайда, еңбек демалысына ақы төлеу 30 күнтізбелік күн өткенде жүргізілген. Дәл осы мағыналас кемшіліктер аппараттың басқа да мамандарының еңбек демалысына ақы төлеу барысында орын алған.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Болат Сәулеұлы Жақыповтың аудиторлық іс-шараны жүргізуге 2019 жылғы                          20 мамырдағы  №11-120-Т тапсырмасына сәйкес аппарат қызметінде аудиторлық есеп жүргізілген.

Аудиторлық есептің қорытындысы бойынша мекеменің өкімдері, штаттық кестелері, жұмысқа шығу табельдері, айлық жалақының есептелінуі тексерілген. Айлық жалақының азаматтық қызметшілерге ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкеріне, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің» талаптары басшылыққа алынып есептелінген.

Алайда, мемлекеттік қызметшілердің айлық жалақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларына» сәйкес жүргізілмей, күші жойылып кеткен, Қазақстан Республикасы Президентінің 17.01.2004 жылғы №1284 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі» басшылыққа алынған.

Іссапар шығындары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ереженің» талаптарына сәйкес есептелініп, жаратылған.

         Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 25.09.2018 жылғы №407 қаулысымен Сарыағаш ауданында жүзеге асыру жөнінде 2018-2020 жылдары атқарылуға тиіс аудан әкімдігінің іс-шаралар жоспары (әрі қарай – іс-шара жоспары) бекітілген.

         Іс-шара жоспары негізінен профилактикалық жұмыстардан  (конференция, дөңгелек үстел, семинар кеңес, брифингтер, акция, қоғамдық тыңдау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, мақала жариялау) тұрады.

         Іс-шара жоспарының Аппаратқа қатысты бөлігін орындау үшін іс-шаралар жоспары ауылдық округ әкімінің 22.11.2018 жылғы №70 шешімімен бекітілген.

          2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2019 жылға мәліметтер жинақталған. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттар түгел. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша мәліметтер жинақталған.

         Іс-шараға сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Сарыағаш ауданында  жоспардың орындалуы бойынша 2020 жылға мәліметтер жинақталған. Іс-шаралардың орындалуын дәлелдейтін құжаттары түгел. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына ауылдық округ әкімінің мақаласы жарияланған. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл комиссиясының тоқсандық отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөніндегі мәліметтер жинақталған.

         Іс-шараға сай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «сенім» телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

Ауылдық округ әкімінің атына «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының бас имамы Б.Қалдаровтан Атамекен елді мекенінде орналасқан мешіттің жерін рәсімдеу бойынша 24.01.2019 жылы №ЗТ-К-07 кіріспен тіркелген өтініші түскен. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабында  «Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін сұрау жағдайларын қоспағанда, жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі келіп түскен кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды»,- деген талабына қарамастан, өтінішке берілген жауапта «24.01.2019 жылы №52 ұсыныс хаты жер қатынастары бөліміне жолданып, жер бөлу комиссиясының қорытындысы бітпеуіне байланысты», – деп  19.03.2019 жылы №ЗТ-К-07  шығыс хатымен жауап берілген. Алайда, аталған өтініш бойынша қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы қортындысы 2020 жылдың бүгінгі күніне дейін шығарылмаған. Осындай мағыналас кемшіліктер 2019 жылы тіркелген  өтініштерде орын алған. Олар: азамат А.Аятовтың 19.12.2019 жылғы  №ЖТ-А-88, К.Турановтың 19.12.2019 жылғы  №ЖТ-Т-87, Д.Сулейкуловтың 04.12.2019 жылғы №ЖТ-С-85 өтініштері (жауапты қызметкер О.Асильбаев).

Сонымен қатар 2019 жылы тіркелген және 2020 жылдың бүгінгі күніне дейін тіркелген өтініштерге берілген жауаптары «Қазпочта» АҚ байланысы арқылы жолданбаған және келісім шартқа да отырмаған.

Дербісек ауылдық округі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің – 7 түрін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5 бабы 2 тармағы 2 тармақшасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсететін қызмет стандарты мен тиісті ақпараттар ғимараттың көрінетін жерінде қолжетімді нысанда орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №270 және №272 бұйрықтарымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша өтініштер халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келген, алайда жауап хат тікелей өтініш иесіне жолданып, көшірмесі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облыстық филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Сарыағаш аудандық бөліміне жолданған.

         Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Аппаратқа мынадай ұсынымдар беріледі:

  1. Қызметшілерді жұмысқа қабылдау және босату кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау;
  2. Облыс әкімдігінің 03.08.2018 жылғы №226 қаулысымен бекітілген Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу;
  3. Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жандандыру;
  4. Жеке және заңды тұлғлалардың өтініштерін қарау кезінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, ҚР Жер кодексі талаптарын қатаң сақтау;
  5. Жеке және заңды тұлғлалардың өтініштерінің жауаптарын «Казпочта» АҚ-ның байланысы арқылы жіберуді қолға алу;
  6. Жеке және заңды тұлағалардың бүгінгі таңға дейін жауап берілмеген өтініштеріне толығымен жауап берілуін және алдағы уақытта кемшіліктердің қайталанбауына  ауылдық округі әкімі тарапынан қадағалау және орындалуын қамтамасыз ету;
  7. Аппарат қызметшілері арасында жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қосымша құқықтық оқуларды ұйымдастыру;
  8. Жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер қатаң басшылыққа алу;
  9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттарына сәйкес ЖОМ-мен ұсынылатын қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін және тиімділігін қамтамасыз ету;
  10. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларына сәйкес тоқсан сайын берілетін есепті, мәліметтерді сапалы ұсынылуын қамтамасыз ету;
  11. Кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарау;

Аудан әкімі

аппаратының басшысы,

жұмысшы топ жетекшісі                                               М.Досполов

Келісілді:

Аудан әкімі аппараты

жалпы және әкімшілік

бөлімшесінің басшысы                                                                  Н.Канатбаев

Аудан әкімі аппараты

ақпараттандыру және мемлекеттік

қызмет көрсету мониторингі

бөлімшесінің басшысы                                                                  Е.Мусаев

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру

бөлімшесінің басшысы                                                                  А.Амирханов

Аудан әкімі аппараты

заң бөлімшесінің

бас маманы                                                                                    Д.Кулумбетов

Аудан әкімі аппараты

персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімшесінің

бас инспекторы                                                                    Д.Турсункулов

Дербісек ауылдық округінің әкімі                                                Е.Есенбаев