«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Е-3 санаты үшін: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
Е-3 102437 138248

«Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 160900, Сарыағаш қаласы, С.Ысмайлов көшесі, №37, 404 бөлме. Анықтама үшін телефон: 8(72537) 2-35-52, 2-31-32 факс: 2-35-52, эл.почта s.zhanyspek@ontustik.gov.kz

1. Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімшесінің бас инспекторы, Е-3 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді. Тәртіптік комиссияның қызметін және бағалау, аттестаттау жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және осы комиссияларға хатшылық жасайды. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қала, кент, ауыл және ауылдық округі әкімі аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, қала, кент, ауыл және ауылдық округі әкімі аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Аудан, қала, кент және ауылдық округтері әкімдері аппараттарының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс қағаздарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, қызмет көрсету мамандықтар.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы заңға сәйкес немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына сәйкес «Автономды ұйымда осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру».

2. Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімшесінің бас инспекторы, Е-3 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері: Облыс мекемелерінен, облыс әкімі аппаратынан келіп түскен хаттарды мерзімді тіркеп, қызметкерлерге, ұйым басшыларына уақтылы жеткізілуін және мерзімді бақылаудан алынуын, бақылауын қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін есепке алу және орындаушыларға жеткізілуін жүзеге асырады. Қабылданған аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдік қаулыларын және аудан әкімінің лездемелік жиналыстың хаттамасын, аудан әкімі орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларын тиісті қала, кент және ауылдық округі әкімі аппараттары мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен мекемелерге, ұйым басшыларына мерзімді таратуды қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппараты құжаттарының құндылығын сараптау жөніндегі қомиссияның жұмысын ұйымдастыру, мұрағатқа тапсыру мерзімі келген құжаттарды рәсімдеп тапсыруды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Аудан мекемелерінен, сот, прокуратура, қаржы полициясы мекемелерінен келіп түскен хаттарды мерзімді тіркеп, қызметкерлерге, ұйым басшыларына уақтылы жеткізілуін,  мерзімді бақылаудан алынуын және мерзімінде орындалуына ескерту хат жолдауды қамтамасыз етеді. Электрондық құжат айналымымен жұмыс жүргізеді; (Лотус бағдарламасы бойынша).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім (педагогика және психология, құқық және экономика негіздері), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша), маркшейдер ісі), ауылшаруашылық ғылымдары, өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), құқық, қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, әлеуметтік жұмыс, жерге орналастыру, кадастр) мамандықтар.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы заңға сәйкес немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына сәйкес «Автономды ұйымда осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру».

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты  өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің                     5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайты: www. kyzmet.gov.kz

Сарыағаш ауданы әкімдігінің ресми сайты: www.saryagashakimat.gov.kz

  ____________________________
____________________________
____________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:                                                                  

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______                                          __________________________________________

   (қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«_____»_______________ 20 ___ ж.