САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

E-G-3 санаты үшін:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
E-G-3 90873 122392

«Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 160900, Сарыағаш қаласы, С.Ысмайлов көшесі, №37, 404 бөлме. Анықтама үшін телефон: 8(72537) 2-35-52, 2-31-32 факс: 2-31-32, эл.почта s.zhanyspek@ontustik.gov.kz

1. Жемісті ауылдық округі әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы жөніндегі бас маманы,E-G-3 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері:Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге қатысу. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны ауданның жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру. Ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысу. Жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

2. Дербісек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепші – бюджетті жоспарлау және орындалуы жөнінде үнемдеуші,E-G-3 санаты, 1бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері:Еңбек ақының барлық түрлерінің белгіленген тәртіпте есептелу жұмыстарын орындау.Ай сайын экономика және қаржы бөліміне қаржыландыруға сұраныстарды, оларды растайтын құжаттармен тапсыру. Ауылдық округ бюджетінің жобасын жасау және оны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қарауына ұсыну. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын жасақтау. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандықтар.

3. Құркелес ауылдық округі әкімі аппаратының инфраструктура мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік меншік бойынша бас маманы,E-G-3 санаты, 1бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері:Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру.Мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру.Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.Ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз ету.Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.Аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың, ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты  өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайты:qyzmet.gov.kz

Сарыағаш ауданы әкімдігінің ресми сайты: www.saryagashakimat.gov.kz