САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Бүгін #oqy&toqy айдарында білім беру ұйымдарының ресми құжаттарын апостильден өткізудің қысқа да нұсқа жолын көрсетпекпіз.

📌 Egov.kz порталына кіріңіз
📌Іздеу жолы арқылы  «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» қызметін табыңыз
📌Қызметті онлайн сұратыңыз
📌Өтініш беруші мен апостильденетін құжат туралы мәліметтерді толтырып шығыңыз
📌«Файлды таңдау» арқылы құжаттың электронды көшірмесін порталға жүктеңіз
📌Екінші қадамға өтіп, өтінішті ЭЦҚ арқылы растаңыз
📌«Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» батырмасын басу арқылы төлем жасаңыз
📌Жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан қызметті өңдеу уақытымен танысыңыз
📌Құжатқа апостиль қойғызуға, өзіңіз өтініште көрсеткен ХҚО-ға барасыз
📌 ХҚО-ға өзіңізбен  бірге өтінішті, апостиль қойылатын құжатты, жеке куәлігіңізді, төлем туралы түбіртекті ала барыңыз
📍Айтпақшы, ХҚО-ға бару үшін кезекті алдын ала брондауды ұмытпаңыз