САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Бүгін аудан әкімдігінде аппараттық мәжілісі өтті.

Мәжілісті аудан әкімі М.Отаршиев жүргізіп отырды.
Жиынға, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Бірінші болып, ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Б.Ерменов, көктемгі көгалдандыру жұмыстары, елді мекендердегі санитарлық тазалық және қоқыс полигондарының жағдайы туралы баяндады.
Екінші болып сөз алған Сарыағаш қаласының әкімі С.Сүлейменова, Сарыағаш қаласы аумағынан қала, кент және ауылдық округтеріне көгалдандыру бойынша секторлар белгілеп беру жұмыстарының барысы және қаланың санитарлық тазалығы туралы атқарылған жұмыстарды баяндады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы А.Амирханов, халық алдындағы есеп беру кездесулерде көтерілген өзекті мәселелер бойынша өз баяндамасын жасады.
Баяндамашыларды тыңдаған аудан басшысы 3 күн мерзім ішінде елді мекендерді көктемгі көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін нақты ұсыныс енгізуді және республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойын көгалдандыру жұмыстарына басымдық берілу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша халық алдындағы есеп беру кездесулердегі айтылған өзекті мәселелерге толық талдау жүргізіліп, БАҚ құралдарына жариялануын қамтамасыз етуді тапсырды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі