«БІРГЕ-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!»

Түркістан облысы аумағында өткізілетін «Бірге-Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданы аумағындағы қала, кент және ауылдық округтердің санитарлық тазалық жұмыстары 2019 жылдың 26-27 шілде күндері өткізіледі. Бүгін сенбіліктің алғашқы күнінде аудан әкімі Қ.Абдуалиев ауылдық округтердегі көшелердің тазалығын аралап, тазалық жұмыстарына атсалысты. Сенбілік ертең де жалғасатын болады. Аудан тұрғындарын ауданымыздың тазалығына өз үлестерін қосуға шақырамыз.

(с) Аудан  әкімінің баспасөз қызметі