САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Біздің отбасымыз қайғыға душар болып, өгей әкем өмірден озды. Ол біздің асыраушымыз болғандықтан қазір тұрмыс тауқыметіне тап болып жатырмыз. Білгіміз келгені, анамыз екеуміз өгей әкеміздің жинақтарын ала аламыз ба?

Біздің отбасымыз қайғыға душар болып, өгей әкем өмірден озды. Ол біздің асыраушымыз болғандықтан қазір тұрмыс тауқыметіне тап болып жатырмыз. Білгіміз келгені, анамыз екеуміз өгей әкеміздің жинақтарын ала аламыз ба?                      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының 1-3 тармақтарына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлға немесе Қордағы жеке шотында зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына жетпеген тұлға қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.          Жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.                Бұдан басқа «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңның 31 және 32 баптарында міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы төлемдері бар тұлға қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылатындығы анықталған.               Төлем түрлеріне байланысты қажетті құжаттардың өзекті топтамасы, олардың Қорға ұсынылатын тәсілдері (жеке өтініш бергенде/пошта байланысы арқылы/үшінші тұлға), оларды тіркеуге қатысты талаптар, сондай- ақ, өтініштер бланктері мен төлем валютасының түрлеріне байланысты оларды толтыру, БЖЗҚ байланыстары мына сілтеме бойынша БЖЗҚ сайтында орналастырылған:www.enpf.kz.