САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕНКЕСІ БОЛЫП ӨТТІ.

Бүгін, 06 – қараша күні Сарыағаш ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде «Еңбек» нәтижелі халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында пробация есебінде тұрған және жалпы жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеге аудан әкімі аппаратының басшысы М.Доспулов сөз алып, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, кәсіптік оқуды ұйымдастырып, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына және жұмыссыздық деңгейін азайтуға қосқан үлесі үшін аудандық жас кәсіпкерлерді оқыту орталықтарының басшыларын аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Сарыағаш ауданы бойынша 2019 жылдың 10 айында «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында  545 азамат бағдарламаға қатысып, бағдарламаның жылдық жоспар 120 пайызға орындалып отыр. Жоғарыда аталып өткен бағдарламасы 1-ші бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша ауданымызда бірқатар жұмыстар атқарылып отыр.

        Атап айтқанда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында  2017-2018 жылдар Ауыл шебер жобасы,     6 сала бағытымен және де орта және шағын кәсіпорындарының жаннын құрылған оқу орындарға 11 мамандық бойынша 360 азаматы қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша білім алып, 265 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан, 15 азамат жеке кәсібін ашып, өз ісін дөңелетуде.

       2019 жылдың 10 айында 545 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Оның ішінде 195 азамат көп балалы ана, 281 азамат мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы, 18 азамат мүмкіндігі шектеулі азамат, 10 пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтар, 193 – 29 жасқа дейінгі жастар, 60 азамат 50 жастан асқан адамдар .

       Қысқа мерзімді кәсіптік білім берген оқу орындар ауылдық елді мекендерге қажетті заманауи мамандық бойынша түлектерге сапалы білім беріп, жаңа кәсіп иесі атанып отырған 310 түлектерге бүгін салтанаты түрде куәліктерін табыстады.

   Сонымен қатар Түлектерді тұрақты жұмыспен қамту басты назарда болғандықтан, жұмыс берушілердің қатысыумен арнайы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі және де бизнес идеялары бойынша қайтарымсыз гранд алып, өз кәсібін ашқан түлектердің, 3 ай білім алу барысында түлектердің өз қолдарымен дайындаған,  бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып отыр.

       Жәрмеңкеге ауданымыздың 51 жұмыс берушісі қатысып, өздерінің 251 бос жұмыс орындарын ұсынды. Осы ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты көріп, 251 азамат жұмысқа орналасты. Оқуды аяқтап мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 46 азамат ниет білдірді. Нәтижелі жұмысқа тарту мақсатында жұмыстар әліде жалғасын табатын болады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен үйлесімін тапты.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі