САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Биыл 2 тамызда анам 59 жасқа толды, зейнетке шығуға ол қашан дайындалуы керек және біз алдымен қай жерге өтініш береміз?

Биыл 2 тамызда анам 59 жасқа толды, зейнетке шығуға ол қашан дайындалуы керек және біз алдымен қай жерге өтініш береміз?    «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар, зейнет жасына жеткен кезде  Қордан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы, соның ішінде әйелдер төмендегідей жасқа толғанда: 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 58,5 жас; 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап– 59 жас;           2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 59,5 жас;           2021  жылдың 1 қаңтарынан бастап – 60 жас;           2022  жылдың 1 қаңтарынан бастап – 60,5 жас; 2023  жылдың 1 қаңтарынан бастап  – 61 жас; 2024  жылдың 1 қаңтарынан бастап  – 61,5 жас; 2025  жылдың 1 қаңтарынан бастап  – 62 жас; 2026  жылдың 1 қаңтарынан бастап  – 62,5 жас; 2027  жылдың 1 қаңтарынан бастап  – 63 жас. Биылғы жылдың 2 тамызында Сіздің анаңыздың 59 жасқа енді ғана толғанын ескере отырып, зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерінің, соның ішінде БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді алу құқығы ол кісіге тек 2021 жылы  60 жасқа толғанда ғана берілетінін хабарлаймыз. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі үшін), мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттар жинағымен  «Азаматтарға арналған Үкімет» (ХҚКО) Мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне хабарласу керек. Бюджет қаржысы және зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес өтініште көрсетілген банк шотына бір күнде аударылады.