САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

БЖЗҚ көрсететін онлайн қызметтердің танымалдылығы 15,2 пайызға өсті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 1 тамызына қарай өз салымшыларына 10,7 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус індеті  (COVID-19) белең алған тұста қауіпті вирустың таралуына жол бермеу, қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шектеу шаралары қабылданды. Атап айтқанда, БЖЗҚ өз салымшыларына қызметтерді толық көлемде ұсынуды жалғастырды. Өткен жылмен салыстырғанда, көрсетілген қызметтердің шамалы өсуі байқалды. Мәселен, 2020 жылы Қор салымшылары 2019 жылға қарағанда 106 мың қызметті көбірек алды (өсім 1%).

Жаңа технологиялардың дамуы мен электрондық жүйелердің озық жұмыс істеуінің арқасында барлық қызметтердің 92,2% немесе 9,86 млн. операция онлайн түрінде жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдылығы 15,2%  өсті. Қазіргі уақытта Қор салымшыларының көпшілігі қызметтердің толық спектрін үйден шықпай-ақ алады. Атап айтсақ, сайт пен БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттің көмегімен әрбір адам жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алып, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтаманы да оп-оңай алуға болады. Сондай-ақ, 1 немесе 2 топтағы мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беріп, төлемге және (немесе) көшуге қатысты өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқа қызметтерге де еш қиындықсыз қол жеткізуге болады.

Кейбір өңірлерде алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету режимі сақталғанына қарамастан (филиалдың барлық қызметкерлерінің 50% аспайтын санын жұмыспен қамту арқылы), қалған облыстарда БЖЗҚ бірқатар шектеу шараларын қарастырды. Салымшылардың бір бөлігіне қызмет әлі де Қор кеңселерінде көрсетіледі. 2020 жылдың жеті айында біздің филиалдарда 762,8 мың қызмет ұсынылды.

БЖЗҚ-да барып қызмет көрсететін бөлімдер де бар, олар 1 тамызға қарай салымшыларға 74,3 мың қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта бұл бөлім қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтап, штат санының 50% аспайтын қызметкерлерді тарта отырып, жұмыс істеуде. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде онлайн немесе күндізгі қызметтерді алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу және халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) (1-2 топтағы мүгедектер) барып қызмет көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, олар барып қызмет көрсетуді барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады.

 БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметін ұсыну және Қор  салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту. Мәселен, ағымдағы жылдың 7 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары бойынша өтініштерінің саны 2019 жылы 347,2 мың болса,  2020 жылы ол 825,3 мың өтінішке, яғни 2,4 есе өсті.

           Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боттары арқылы және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан зейнетақы жүйесіне қатысты түрлі кеңестер ала алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).