САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«БЖЗҚ» АҚ филиалдары тамыз айында қалай жұмыс істеуде?

  Карантин жағдайында тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өңірлік филиалдарында келесі жұмыс режимін ұйымдастырды. Алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету режимі сегіз облыстық филиалдарда – Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай Жезқазған қаласындағы өңірлік филиал мен Нұр-Сұлтан қаласында ( Республики 4 даңғылы мекенжайы бойынша бөлімшеде) жүргізілетін болады. Жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз  филиалға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртібі 9:00-ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелінің үстін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екі техникалық үзіліс  қарастырылған. Қалған облыстарда 31 тамызға дейін аймақтағы жағдайларды ескере отырып, бірқатар шектеу шаралары күшінде қалдырылады. БЖЗҚ кеңселері қашықтан қызмет көрсету және құжаттарды байланыссыз қабылдау қызметтерін көрсетеді. Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейін созылады. Байланыссыз қызмет көрсететін филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған. Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады: – салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу); – салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра); – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша); – зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу. – I/II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу; – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті, соның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім-шартқа қосылу туралы өтінішті ресімдеу; БЖЗҚ қызметінің өзге де түрлерін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде ала аласыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).           БЖЗҚ сондай-ақ, аймақтарда қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, көшпелі қызметін ұйымдастырды. Бұл ретте алдын ала кеңес беру де жүзеге асырылады (соның ішінде сапарға шықпай, қызметтерді қашықтан алуға болатын мүмкіндікті тексеру). Азаматтарға көшпелі қызмет көрсету барысында міндетті  кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеу (соның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім-шартқа қосылу туралы өтінішті ресімдеу) қызметтері көрсетіледі. Сондай- ақ, Қордың қызмет түрлері тұрғындардың әлеуметтік осал топтары санатына жататын ( мүгедектігі мерзімсіз белгіленген 1-2 топтардағы жандар) салымшыларға (алушылар)  санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, көрсетіледі.                      Сонымен қатар Қор қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді төмендегі тәсілдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан да  дайын: 1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған); 2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну; 3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары; 4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші; 5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу; 6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік  желілердегі  аккаунттар.          Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.          «БЖЗҚ» АҚ барлық филиалдарының тізімі мен олардың жұмыс режимдері Қор сайтында қолжетімді.     БЖЗҚ2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).