САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ.

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы  Сапарғали Жантореев Ниятуллаевич басқарма тарапынан 2019 жылдың 8 айында жедел-тергеу бағыты бойынша атқарған жұмыстары туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасымен ағымдағы жылдың 8 айында ақпараттарды есепке алу кітабына жалпы-374 арыз шағым тіркелді. Оның 44 арызы бойынша басқарманың сотқа дейінгі бірыңғай тізіміне (ЕРДР) тіркелген. ҚР ҚПК-нің 181 бабы 5 бөлігіне сәйкес уәкілетті органдарға – 90 арыз жолданды. Қылмыстық іске – 63 арыз біріктірілді.

Сонымен қатар басқарма басшысының жеке қабылдауында 24 азамат болып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданып, жауаптар берілген.

Басқарманың негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтап қана қоймай, Департаменттің Превенция басқармасымен бірлесіп алдын алу, болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі