САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихатына аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетов арнайы қатысып, сөз кезегін баяндамашыларға берді.

Түркістан облысы, «Turkistan Media Holding» ЖШС бөлімінің маманы Бейсенбаева Гүлмира Сембекқызы облыс көлемінде 2019 жылы Рухани Жаңғыру бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданында 2019 жылы аталған бағыттағы атқарылған жұмыстардың барысымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев таныстырды. «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында қасиетті орындарға мектеп оқушыларының саяхаттары, «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар алдағы жылы 13 жоба аясында жалғасатындығын атап өтті.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі