САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АҚСАҚАЛДАР АҚ БАТАСЫН БЕРДІ

Қайрат Аманкелдіұлы Абдуалиев 2016 жылдың 14 тамызынан                    2019 жылдың 26 тамызына дейін Сарыағаш ауданының әкімі қызметін абыроймен атқарды.     

Аудан әкімі қызметіне кіріскен күннен бастап, үш жыл ішінде аудандағы басты мәселелерге баса назар аударып, өз шешімін таба білді. Оның ішінде елді мекендерді табиғи газ, ауыз су, сапалы электр энергиясымен қамту және Сарыағаш қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесін атап айтсақ болады.

Білім саласында қордаланған мәселерге де бейжай қарамай, балалардың оқуына аса көңіл бөліп, үш ауысымдық мектептер мен апатты жағдайдағы мектептердің жағдайымен танысып, құрылымдау және қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізілуіне өз ықпалын тигізіп, жаңадан 22 білім нысандарының тұсауын кесті. Денсаулық саласында 4 нысан, мәдениет нысандарынан – 8, жаңа заман талабына сай 20-дан астам спорт алаңшалары халық игілігіне берілді. Нәтижесінде халықтың инфрақұрылымға қол жетімділігі жыл сайын артуына мүмкін туды.

Қайрат Аманкелдіұлы елі үшін аянбай еңбек ететін тұлға екенін қашанда дәлелдей білді. Соның бірі 2018 жылы аудан үшін тарихи кезең болған, 350 мыңнан астам халқы бар Сарыағаш ауданының тұрғындарының мұң-мұқтажын басшылыққа жеткізіп, ауданның қайта Сарыағаш және Келес аудандары болып бөлінуіне үлкен үлес қосты.

Аудан тұрғындарының өтініштерін елеусіз қалдырмау үшін, әрбір түскен арыз-шағымдармен жеке өзі жұмыс істеп, қажет кездерде өзі көз жеткізу мақсатында әрбір істің қасынан табылды.

Қайрат Аманкелдіұлының бүгін басқа қызметке ауысуына байланысты, ауданға еткен еңбегін ескеріп, аудан тұрғындары атынан ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, арнайы шапан жапты.

Жаңа қызметте де қашанда жетістіктер мен биік шыңдардан көрініп, асқақ абыроймен ел ықыласына бөленіп, сәттіліктер серік болуын тілеп, ақсақалдар ақ батасымен шығарып салды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі