САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Абдуалиевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды. Атап айтқанда:

– Аудандық білім бөлімінің «ҰБТ-2019» сынақтарына дайындық жұмыстары туралы мәселе талқыланды.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша ауданның білім бөлімінің басшысы Б.Майрихов баяндама жасап, аудан бойынша өтініш берген 1442 оқушы ағымдағы жылдың 20 маусым – 5 шілде аралығында 3 лек бойынша ҰБТ сынағын тапсыратындығы және ҰБТ өткізу пунктіндегі 14 аудитория ҰБТ сынағын өткізуге дайындығын атап өтті.  Жиын соңында, өңір басшысы Қ.Абдуалиев тарапынан бөлім басшыларына, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі