АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК ЖӘНЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ.

Агенттіктің тапсырмасына сәйкес қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала, аудандарда, ауылдық округтерде түрлі форматтағы шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

Осыған орай, бүгін Ақжар, Дарбаза, Дербісек ауылдық округтерінде Жастар арасында білімге, ғылымға, спортқа және өнерге баулу бойынша шаралар өткізілді.

Алдағы уақытта, аталған іс-шаралар түрлі форматта (әлеуметтік мәселел бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Кәсіпкерлермен кездесу (дөңгелек үстел), қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған халықтың мақсатты топтарымен кешенді іс-шаралар өткізу, ашық есік күні, өзекті мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізу) Сарыағаш ауданындағы қалған ауылдық округтерде де жалғасын табатын болады.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі