САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК ЖӘНЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ.

Агенттіктің тапсырмасына сәйкес қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Жемісті, Жылға, Жібек жолы ауылдық округтерінде әлеуметтік мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу іс-шаралары өткізілді.

Алдағы уақытта, аталған іс-шаралар түрлі форматта (қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған халықтың мақсатты топтарымен кешенді іс-шаралар өткізу, ашық есік күні) Сарыағаш ауданындағы қалған ауылдық округтерде де жалғасын табатын болады.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі