АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК ЖӘНЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ.

Агенттіктің тапсырмасына сәйкес қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала, аудандарда, ауылдық округтерде түрлі форматтағы шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

Осыған орай, бүгін Әлімтау, Жарты төбе, Жемісті ауылдық округтерінде әлеуметтік мәселе бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта, аталған іс-шаралар түрлі форматта (Кәсіпкерлермен кездесу (дөңгелек үстел), қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған халықтың мақсатты топтарымен кешенді іс-шаралар өткізу, ашық есік күні, өзекті мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізу) Сарыағаш ауданындағы қалған ауылдық округтерде де жалғасын табатын болады.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі