САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРКЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

2020 жылдың 6 ақпанында аудан әкімі М.Отаршиев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Құркелес ауылдық округ тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді.
Тұрғындармен кездесу барысында аудан басшысы 2019 жылдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, 2020 жылы атқарылатын жұмыстар барысы жайында баяндап өтті.
Кездесуге жиналған көпшілік аудан әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, ыстық лебіздерін білдірді.
Есептік кездесуге келген тұрғындар тарапынан жер мәселесі, фельдшерлік-акушерлік пункт салу, көшелерге шағал төсеп беру, мектеп құрылысы, мәдениет үйін салу, ауыз сумен қамтамасыз ету, облыстық маңызы бар автомобиль жол бойына жасанды жол кедергісін қою бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстарға аудан әкімі толыққанды жауап беріп, кейбір мәселелерді шешуге ұзақ уақыт кететіндігін ескерте отырып, осы бағытта жұмыс жүргізілетінін айтып өтті.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі