САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша алдымен аудан әкімі Мұхит Отаршиев 2019 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Сонымен қатар, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Умирзахов есепті кезеңде атқарылған жұмыстар бойынша баяндап, қоғамдық кеңесте қозғалған және шешімін тапқан мәселелер жөнінде хабарлама жасады. Кеңес отырысы барысында қоғамдық кеңес мүшелері С.Шонабаев, Д.Маханбетов, Н.Делишев және аудандық мәслихаттың депутатыт Қ.Пердеқұлов өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.

Қоғамдық кеңес отырысына қоғамдық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері, аудандық құрылымдық дербес бөлім басшылары, аудандық және қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты.

Кеңес отырысының қорытындысында аудан әкімі М.Отаршиевтың ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, қоғамда демократиялық үдерістерді іргелілендіру туралы есебі оң бағаланды.