САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ М.ОТАРШИЕВ АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Ауданымызға іс-сапармен келген облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов және аудан басшысы М.Отаршиев аудан аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйімен танысты. Аралау барысында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары және жол бойын көгалдандыру үшін атқарылатын жұмыстардың эскиздік жобалары талқыланды.

Сарыағаш ауданы әкімі баспасөз қызметі